Ы.Алтынсарин атындағы 83 мектеп-гимназиясында 9 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті! Тақырыбы- «Кәсіптік бағдар - табысты болашақтың негізі».
Кездесу барысында көтерілген тақырыптар: - Кәсіптік бағдардың маңызы: Болашақта балалардың өз жолын таңдаудағы рөлі. - Кәсіптер әлемі: Заманауи кәсіптердің ерекшеліктері мен талаптары. - Балаға қолдау көрсету: Ата-аналар өз балаларын қалай дұрыс бағыттауға болатыны туралы пайдалы кеңестер.
🔹Негізгі мақсатымыз- оқушылардың болашағына қажетті дағдыларды дамыту.
🗣️ Ата-аналармен пікір алмасу, сұрақтарға жауап беру, және кәсіптік таңдау процесінде көмек көрсету өте маңызды. 👩👧👦