Мектепте «Қыз – ұлттың қазынасы» тақырыбында 8–11 сынып қыздарына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың тәрбиесі, жеке бас гигиенасы, мәдени орындарда өзін-өзі ұстау ережелері және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп медбикесі қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтау, күнделікті тазалық, денсаулықты күту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында мәдени орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, әдептілік пен сыпайылық, қоғамдағы мінез-құлық нормалары туралы айтылып, қыз балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңыздылығы атап өтілді.
ВИДЕО КӨРУ