Жаңа жыл құтты болсын!!!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата- аналар!
Баршаңызды
Жаңа 2026 жыл мерекесімен құттықтаймын!
2025 жыл халқымыз үшін есте қалар табыстары мол, қызығы мен өзіндік ерекшелігі бар жыл болды.
Мектебіміз 15 жылдық белден асты, алаштың ардақтысы Сұлтанбек Қожанов атындағы музей ашылды, жас толқынды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымыздың еңбектері еленіп, мәртебелі марапаттарға ие болды, ұстаздар қатары жаңа жас буынмен толықты. Өз шеберліктерін шыңдап, жоғары біліктілік санатқа ие болған ұстаздар қатары көбейді. Шәкірттеріміз түрлі сайыс сындарда бақ сынап, мәртебелі биіктерден көріне білді.
Осындай мектеп табыстарын мақтанышпен айта аламыз.
Құрметті ұстаздар!
Келер 2026 жыл барша мектеп ұжымы үшін толағай табыстар мен жаңа бастамалар, биік мәртебелер жылы болсын деп тілеймін. Жаңа жыл әр отбасының үміті мен арманы ақталатын үкілі жыл болсын! Шаңырақтарыңызға бақ- береке, таусылмас игіліктер қонсын!
Аспанымыз ашық, береке-ырысымыз мол болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии