«Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығым» тәрбие сағаты.
Тәуелсіздік күніне орай 4 «Д» сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығым» тақырыбындағы тәрбие сағаты тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті. Бұл тағылымды шарада оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін, ел тарихына деген құрметін жүректен шыққан жыр жолдары мен ойлы сөздер арқылы жеткізе білді.
Ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған бұл тәрбие сағаты ұрпақ тәрбиесіндегі ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісіне айналды. Осындай мәнді іс-шараның мазмұнды әрі әсерлі өтуіне өз үлесін қосқан Батталова Гүлстан анамызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бен белсенділіктеріңіз – балаларға үлкен өнеге.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, ұрпағымыз отаншыл болсын!
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии