«AI әлеміндегі ғылым үндестігі» атты математика-информатика-физика пәндерінің онкүндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Турсумбаева Гульнур Пазилбекқызы 7 «К» сыныбында «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» тақырыбы бойынша №3 зертханалық жұмысқа арналған ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топтық жұмыс форматында тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Әр топ сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтап, өлшеу құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар жеке жұмыс орындап, деңгейлік есептер шығару арқылы теориялық білімдерін бекітті. Ашық сабақ оқушылардың зерттеу қабілетін дамытып, физика пәніне деген қызығушылығын арттыра түсті.
ВИДЕО КӨРУ