🚀 "Болашаққа бағыт: физика және информатика – жасанды интеллект негізі"🤖✨
🏫Мектебімізде 🚀 "Болашаққа бағыт: физика және информатика – жасанды интеллект негізі"🤖✨тақырыбындағы онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Мақсаты – оқушылардың физика мен информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, Жасанды Интеллект (ЖИ) рөлін түсіндіру және цифрлық сауаттылықты дамыту. 🟢Ашылу барысында: 💫 Логикалық ойындар және жылдамдық сайыстары 🤝 Интерактивті алаңдардағы топтық танымдық тапсырмалар 🔥 Ең қызықтысы – Робототехника аймағы! Оқушылар роботтарды басқаруды үйреніп, шағын роботтарды жинақтап, бағдарламалау негіздерімен танысты. Бұл шара оқушыларымыздың технологиялық жобаларға деген ынтасын оятып, ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін берді. 📚Алда-қызықты сайыстар, тәжірибелік сабақтар және ғылыми жобалар күтіп тұр! Бізбен бірге болыңыздар, білімді, өнертапқыш оқушылар!