Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ұлттық валюта – ел айбыны» интеллектуалды сайыс.

Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында «Ұлттық валюта – ел айбыны» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық валютаның маңызы туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталды.
Шара үш кезең бойынша жүргізілді:
1-кезең: «Плакат қорғау» (Үй тапсырмасы)
Бұл кезеңде әр сынып өздері ойлап тапқан жаңа валюта түрін таныстырды. Оқушылар жаңа ақша бірлігінің атауын, ерекше дизайнын, қолданылу мақсатын және ұранын таныстырып, өз жұмыстарын қорғады.
2-кезең: «Білгенге маржан» (Сұрақ-жауап)
Бұл бөлімде қатысушылар ұлттық валюта тарихы, теңгенің енгізілуі, экономикалық ұғымдар мен қаржы сауаттылығы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың білім деңгейі мен ұлттың қаржылық құндылықтарына деген көзқарасы осы кезеңде байқалды.
3-кезең: «Шығармашылық тапсырма»
Сайыстың соңғы кезеңінде әр топқа берілген тапсырманы шығармашылықпен орындау міндеттелді. Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және топпен жұмыс жасау дағдыларын бағалауға бағытталды.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық валюта құндылықтарын тереңірек түсіне білді. Шара қатысушыларға рухани тәрбие беріп, экономикалық сауаттылықтың маңызын айқындай түсті. ВИДЕО КӨРУ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"