«AI әлеміндегі ғылым үндестігі» атты математика-информатика-физика пәндерінің онкүндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Нуридин Диана Талғатқызы 7 «Е» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы — заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Оқушылар тәжірибе арқылы әр түрлі денелердің массасы мен көлемін өлшеп, тығыздықты есептеу жолдарын меңгерді. Қарапайым эксперименттер арқылы дененің батуы немесе қалқуы оның тығыздығына байланысты екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Сабақта AI-визуализация құралдары, топтық зерттеу жұмысы, деңгейлік тапсырмалар және практикалық эксперименттер қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы одан әрі арта түсті.
ВИДЕО КӨРУ