«AI әлеміндегі ғылым үндестігі» МИФ апталығы.
Бүгін, 10 қарашада Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде математика, физика және информатика пәндерінен дәстүрлі онкүндік өз бастауын алды.
Онкүндіктің басты ұраны – «AI әлеміндегі ғылым үндестігі», яғни жасанды интеллект дәуіріндегі ғылымның сабақтастығын дәріптеу.
💡 Мақсаты – жас ұрпақты ғылым мен инновацияға баулу, жасанды интеллект технологиялары мен жаратылыстану пәндерінің өзара байланысын таныту
Ашылу барысында оқушылар мен мұғалімдерге арналған түрлі интеллектуалдық және танымдық ойындар лэд-экранында ойнатылды:
– «Стереометриялық фобия» ойыны арқылы кеңістіктік ойлау қабілеттерін сынады;
– «Сәйкестендіру» және «Сандардың ретін табу» ойындары арқылы логикалық ойлауды дамытты;
– Үш пәннен – математика, физика және информатикадан сұрақ-жауап викториналары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар STEM кабинетінде оқушылардың қолымен жасалған көрнекіліктер, 3D модельдер және роботтар көрмесі көпшіліктің қызығушылығын оятты.
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии