Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Заң және жауапкершілік – қоғам негізі» ата-аналар жиналысы.

Мектебімізде ата-аналармен «Заң және жауапкершілік – қоғам негізі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту, сонымен қатар баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Іс-шара барысында ата-аналарға келесі маңызды мәселелер баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет сезімін қалыптастыру, баланың әлеуметтік желідегі әрекеттерін қадағалау, киберқауіпсіздік ережелерін сақтау, мектеппен тығыз байланыста болудың маңызы, баланың өмір қауіпсіздігі мен өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналар өз ой-пікірлерін айтып, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер мен әлеуметтік педагогтар бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінің шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналарға бала бос уақытында пайдалы іс-шараларға – спорт, өнер, кітап оқу, үйірмелерге қатыстырудың маңыздылығы түсіндірілді. Қорытындысында: ата-аналар мен педагогтар баланы саналы, жауапты, құқықтық мәдениеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екеніне тоқталды. Жиналыс нәтижесінде ата-аналар мектеппен байланысын нығайтып, бала тәрбиесіне ерекше назар аудару қажеттігін тағы бір мәрте түсінді. ВИДЕО КӨРУ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"