Мектебімізде«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты концерттік іс-шара ұйымдастырылды. 5 қазан күні өткен бұл ерекше кеш – білімнің шамын жағып жүрген ардақты ұстаздарға деген шексіз алғыс пен құрметтің көрінісі болды. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарына деген сүйіспеншілігін, құрметі мен ризашылығын өнер арқылы жеткізді. Салтанатты жиында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Керейбайқызы сөз сөйлеп, барлық ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтады. Өз сөзінде ұстаз еңбегінің маңызын ерекше атап өтіп, шығармашылық табыс пен шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, шара барысында мектеп әкімшілігі тарапынан белсенді, шығармашыл, үздік ұстаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.
ВИДЕО КӨРУ