5 қазан – Мұғалімдер күніне орай мектебімізге Астана қаласы Білім басқармасынан арнайы құттықтау делегациясы келіп, ұстаздар қауымына деген ыстық ықыласын білдірді. Іс-шара барысында басқарма өкілдері мектеп ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, ұстаздық еңбектің маңыздылығын, қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздарымызға Астана қаласы Білім басқармасының атынан марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл – ұстаздардың білім беру саласындағы еңбегіне берілген зор баға мен құрметтің көрінісі. Осындай жылы жүздесу мен құрметке толы сәттер барлық ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлап, жаңа серпін берді.
ВИДЕО КӨРУ