Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектебіміздің түлектерінің арнайы бейнеқұттықтауы.

“5 қазан- Ұстаздар күні” қарсаңында мектебіміздің түлектері арнайы бейнеқұттықтау дайындап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін арнады. Бұл ерекше видеода бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектер ұстаздарына деген шексіз алғыстарын білдіріп, білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріне құрмет көрсетті.
Құттықтау барысында түлектер мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің өмірлік жолдарында үлкен негіз болғанын атап өтті. Олар өздерінің жетістіктерін ұстаздарының кәсіби шеберлігімен және адами жылулығымен байланыстырды. Әр түлек өз өмір жолындағы алғашқы бағыт-бағдарды дәл осы мектептен, дәл осы ұстаздардан алғанын ерекше ықыласпен жеткізді.
Бұл бейнеқұттықтау ұстаздар үшін үлкен сый болды. Себебі ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттің жетістігі. Ал жылдар өтсе де, ұстазға деген алғыстың ұмытылмай, осылай құрметпен еске алынуы – нағыз мұғалім мәртебесінің айғағы.
Мектебіміздің бұрынғы түлектеріне шын жүректен алғыс білдіре отырып, олардың өмір жолдарына сәттілік тілейміз! ВИДЕО КӨРУ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"