Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі — бұл адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, апаттардан, өрттерден, химиялық, биологиялық және радиациялық қауіптерден қорғауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жиынтығы болып табылады.2025 жылғы 17 қыркүйек күні мектебімізде өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға арнайы шақырылған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №14 өрт сөндіру бөлімінің лейтенанты Ниет Ағыбайұлы Амангелді мен Сарайшық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Жантурин Даулет Сагидоллаевич қатысты. Олар оқушыларға өт қауіпсіздігінің негізгі ұғымдарын, оның маңыздылығын және төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету тәсілдерін кеңінен түсіндірді.Іс-шара барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:Өрт қауіпсіздігі ережелері;Төтенше жағдай кезінде эвакуациялау тәртібі;Қауіп төнген жағдайда өзін-өзі және өзгелерді қорғау жолдары;Қорғаныс құралдарын қолдану негіздері.Мұндай жұмыстардың мақсаты — оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, олардың жауапкершілік сезімін арттыру және кез келген төтенше жағдайға дайын болуға үйрету.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии