№1 педагогикалық кеңес.
2025 жылдың 26 тамызында Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары, жылдық жұмыс жоспарын бекіту, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы мәселелер қозғалды. Педагогикалық кеңеске Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Абжан Темірхан Германұлы қатысты.
Мектеп директоры Баймуратова Б.А. күн тәртібін таныстырып, кіріспе сөз жолдағаннан кейін Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі бейнероликте көрсетілді. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, ұжымның дауыс беруімен шешім қабылданды.
Жұмыс жоспарларында мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру шеңберінде мектептің оқу жылына арналған негізгі міндеттері, білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және қауіпсіз білім беру ортасын құруға арналған шаралар, соның ішінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағыттары нақты айқындалды.
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии