2025 жылдың 5 тамызы күні "Балақайлар мектебінің" жоспары бойынша:
Сөйлеуді дамыту сабағында: «Дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру»
« Сиқырлы дыбыс», «Кім шапшаң» ойыныдары ойнатылды.Бейне ролик көрсету арқылы жаттығулар жасады.
Көркем әдебиет сабағы : Балалардың көркем әдебиетке деген қызғушылығын ояту,ертегі,әңгімедегі кейіпкерлерге сипаттама беруге , өз ойларын толық жеткізуге жұмыс жасалды.
Математика негіздері: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Сандар қатары», Көршісін тап», Сандарды ретке келтір», «Сана да қимылда» ойындары ойнатылды.
Қоршаған орта: Туыстық байланыстар туралы түсініктерді жетілдіру. Туыстық атаулармен танысты (ата, әже,әке,ана,апа,іні, қарындас т.б.).
Отбасы бейнеленген суреттерді бояп,әр бала өз отбасы мүшелері жайлы әңгімеледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии