«Балақай мектебі» 2025 жылдың 27 маусым жабылу салтанаты
«Балақай мектебі» қазақ және орыс топтары2025 жылдың 27 маусым жабылу салтанаты: Ата-аналардың қатысуымен жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Мектебіміздің жанынан ашылған «Балақайлар мектебі» даярлық тобы «Балаларды ерте дамыту институты» бағдарламасымен жұмыс жасады. Оқушылардың 1 ай бойы алған білімдерін ортаға салып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысумен логикалық қызықты түрлі тапсырмалар орындатты. Оқушылар да ойынға белсене қатысып, ата-аналардың мұғалімдерге көңілі толғанын бөлісті. Жалпы балалардың мектеп өміріне қалыптасуы жоғарғы деңгейде болғаны байқалды. Келесі маусым 4 тамыз бен 29 тамыз аралығында ұйымдастыратыны әкімшілік тарапынан хабарланды.23 маусым мен 27 маусым аралығында өткізілген сабақтар мен жасалған жұмыстар мәліметі:Математика негіздері. Логикалық ойлау, салыстыру қабілеттері қалыптасады; Үйде, қоғамдық орындарда, табиғатта қауіпсіздік ережелерімен танысты; Жыл мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) және ай аттарын үйренді; Тәулік бөліктерінің ауысуын(«кеше», «бүгін», «ертең») анықтауға үйренді;Сөйлеуді дамыту: Сөздік қорын байытуға, ойды жүйелі жеткізуге жаттықты; Бақылаған заттар мен құбылыстарды сипаттап айтуға үйренді; Қарапайым хабарлау әңгімесін құрастыру дағдысы қалыптасты; Сауат ашу негіздері. Қолды жазуға дайындау жұмыстары жүргізілді; Ұсақ моториканы жетілдіру жатығулары үздіксіз жасалды; Дайын суреттердің шетінен шықпай бояуға дағдыланды; Диалогке еркін араласу, сұрақ-жауаппен сөйлесуге қалыптасы; Өз ойын қысқаша, жүйелі жеткізуге қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.Көркем әдебиет. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналай білуді дамыту жұмыстары жүргізілді; Кейіпкерлердің сөзін, мінезін, әрекетін түсіне білуге үйренді; Коммуникативтік қабілетін, сөздік қорын, қимыл-әрекетін жетілдіру тапсырмаларын орындады; Балалардың сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыды; Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, айтыс арқылы шешендікке баулу арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмыстары жүргізілді; Тыныс алу және дауыс жаттығулары үздіксіз жасалды.Жапсыру (Мүсіндеу.Сурет салу.) Топпен және жұппен ынтымақтастықта жұмыс істеуді үйренді; Пропорцияны сақтау дағдысын дамытатын жаттығулар жасалды; Мүсіндеудің негізгі тәсілдерін қалыптастырды, оның ішінде: жануар немесе ойыншық мүсінін, жеміс-жидектерді және көлік түрлерін мүсіндеуді үйренді; Қарапайым өрнек немесе фигураны көріп, жанына дәл сондай етіп сызуды және табиғатты бейнелеуді үйренді; Қауіпсіздік техникасын сақтауды үйренді;Қоршаған орта: Балаларға көмектесетін күнделікті заттарды (шелек, сыпырғы, шүберек, күрек, орамал, т.б.) танысып, қалай қолдануды үйренді; Туыстық байланыстар туралы түсініктерді жетілдірді. Туыстық атаулармен танысты (ата, әже,әке,ана,апа,іні, қарындас т.б.). «Сыйластық,Татулық,Тату отбасы ,Қамқорлық,Мейірімділк, Махаббат» жайлы түсініктерді қалыптастырды. Республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Қазақстан картасымен жұмыс жасауды үйренді; Оқушылардың танымдық және коммуникативтік дағдылары дамыды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии