«15 маусым - Әкелер күніне» орай «Jas қанат» мектеп жанындағы жазғы лагеріне шақырылған қадірлі әкеміз өз мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, балаларға мотивация мен жаңа әсер сыйлады. Балалар үшін бұл үлкен үлгі болды. Этно-лагерь аясында қазақтың ұлттық тағамдарынан арнайы дастархан жайылып, қатысушылар тағамдардың ерекшелігімен, маңыздылығымен және денсаулыққа пайдасымен танысты. «Number nomads» математика лагері түрлі логикалық есептер мен зияткерлік ойындар ұйымдастырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға сеп болды. «Театр әлемі» лагерінде оқушылар өздері дайындаған театрландырылған қойылым арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Speaking club» ағылшын тілі лагері барысында балалар қызықты тапсырмалар орындап, шет тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай мазмұнды әрі танымды шаралар балалардың жан-жақты дамуына жол ашып, жазғы демалысты есте қаларлықтай өткізулеріне себеп болуда.
ВИДЕО КӨРУ