Бүгінгі күн жазғы лагерьде белсенді әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шараларға толы болды. Таңертеңгі күн оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған таңғы жаттығудан басталды. «Шеберлер әлемі» шеберлік сабағында әртүрлі материалдарды пайдалана отырып қолөнер бұйымдары мен ойыншықтар жасады. Бір топ балалар таза ауада пикник жасап, сергіту ойындарын, соның ішінде математикалық ойындарды ойнады. Сонымен қатар, оқушылар би қимылдарын үйреніп, өз қабілеттерін дамытты. Жемістерден дәруменді коктейль дайындау бойынша аспаздық шеберлік сабағына қатысты. Этнолагерь жобасы аясында балалар ұлттық тағамымыз – шелпек пісіруді үйренді. Іс-шараға ата-аналар да белсенді қатысып, шеберлік сағатын өткізді. Олар оқушыларға ою-өрнектердің түрлері мен мағынасы туралы айтып, соларды қолдан жасатуға бағыт берді. Және түрлі маталардан ойыншықтар жасауды үйреніп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Осылайша, бүгінгі күн балалар үшін мазмұнды, тәрбиелік және шығармашылық жағынан мәнді өтті. Барлық іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
ВИДЕО КӨРУ