«Күшіміз бірлікте» атты волейбол турнирі.
Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 7 маусымы күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Астана қаласы мектептеріндегі «Әкелер одағы» командалары арасындағы «Күшіміз бірлікте» атты волейбол турнирінің финалдық сайысы өтті. Турнирге мектебіміздің «Бірлік» әкелер командасы қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты мектеп арасындағы одақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылады. Астана қаласы бойынша жыл бойы ұйымдастырылған алты аудан мектептеріндегі әкелер одағы командалары арасындағы іріктеу кезеңінен өткен аудан мықтылары соңғы сайыста бас қосты. Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша мектебіміздің І орынды «Бірлік» әкелер одағы командасы жүлделі ІІI орынды жеңіп алды. Волейбол турниріне жыл бойы мектебіміздің намысын қорғап жүрген мектебіміздің әкелер одағына және қалалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігіне алғыс айтамыз. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии