Меню KDT

Новости

Главная Новости

JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

5 маусым күні мектеп жанынан ұйымдастырылған «Jas қанат» жазғы лагерінің жоспарына сәйкес мектебімізде «Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!» тақырыбында іс- шарасы және оқушылардың ұлттық болмысын, мәдениетін, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұлттық бағыттағы этнолагерь іс- шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың бойында бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті сіңіру және жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру, балалардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын таныту, театр өнері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін үйрету және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Балалар табиғатты қорғау бағыты бойынша таза ауада шығармашылық жұмыстармен айналысты: табиғат көріністерін бейнелеп сурет салды, шеберлік сағаттарында қолдан бұйымдар жасап, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне байланысты түрлі көркем туындылар дайындады. Сонымен қатар, асфальт бетіне табиғат тақырыбында сурет салып, өз қиялдарын еркін жеткізе білді.
Және 6 «В» сынып оқушысының анасы Оразалимова Дидара балаларға ойыншық тоқу шеберлік сағатын өткізді.
Сонымен бірге, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдар туралы тың мәліметтер алып, өз қолдарымен бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты. Театралды қойылымдарда көріністер көрсетіп, актерлік шеберлік, сахна мәдениеті, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. ВИДЕО КӨРУ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"