8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3 «К» сыныбында «Гүл мереке, күн мереке» атты «Көктем-анамыздың» қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларды еңбекке, ауызбіршілікке баулу мақсатында кесте ойыны ойнатылды. Сондай-ақ суреттер бойынша мақал-мәтелдерді табу бойынша көрнекіліктер ұсынылды. Оқушылардың қызығушылығы артып, белсенділік танытты. Тәрбие сағаты соңында сыныбымыздың биші қыздары би билеп, өнерлерін көрсетті.
ВИДЕО КӨРУ