Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

АСТАНА ҚАЛАСЫ «№ 43 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП-ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ МКК Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бос орындарын толықтыруға конкурс жариялайды


«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК 

Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2

Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2

Электрондық мекен-жайы:

shkola43@mail.ru

Телефон номері: 8(7172)298393

 

Астана қаласының Білім басқармасының № 43 ҚББМО шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1-ші және 7-ші сыныптар параллельдері бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бос орындарын толықтыруға конкурс жариялайды. Конкурс 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына, 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 15584 болып тіркелген "Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы" құжатына сәйкес өткізіледі.

Өтініштер 2024 жылғы 26 қыркүйекке дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу және өтініш беру үшін мекеменің әкімшілік бөліміне жүгініңіз.

Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.

9Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.08.2024-26.09.2024

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
153. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
 154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды

155. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурста сәттілік тілейміз!

Конкурсты өткізу мерзімі: 27.09.2024ж.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное