Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК МЫҢНАН ТҰЛПАР" МАРАПАТТАЛДЫ

Аталған фестивальдің мақсаты 2022-2023 оқу жылы көлемінде көзге түскен талантты, дарынды, өнерлі оқушыларды қолдау, дәріптеу болды. Дәстүрге айналған бұл шеруде оқушыларымыз қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, мектеп абыройын асқақтатқан оқушыларымыз «Білімді мыңды жығар», «Ғылымды ізде, оқы да үйрен», «Жүзден жүйрік озар жарысқанда», «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Мен - елімнің ұланымын!», «Шынықсаң, шымыр боласың!», «Мен -елімнің ертеңімін!», "Жан, тән, рух бірлігі», «Мектеп деген - баға жетпес қазына» номинациялары бойынша 1-4 сыныптар арасында 62 оқушы, 5-11 сыныптар арасында 144 оқушы арнайы әзірленген сертификаттармен марапатталды. Әр номинация бойынша марапатталған оқушылар пәндік олимпиада, ғылыми «Зерде» зерттеу жобалары, тұлғалық оқулар, зияткерлік олимпиада конкурстары, өнер, спорттық жарыстар, мектептің қоғамдық жұмысына белсене атсалысқан оқушылар болды.
Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы 2022-2023 оқу жылындағы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, мектептің беделін көтеріп, абыройын асқақтатқаны үшін оқушыларға алғысын білдірді. Жұлдызды фестиваль биыл дәстүрлі түрде 13 рет ұйымдастырылып отыр. Оқушыларымыздың алар асулары мен жүлделері көп болсын. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное