Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Ұланбасы ДО 3 «А» сыныбында «Жас Ұлан», «Жас қыран» және мектеп парламентінің жетекшісі Сарсенова Зейнеп сынып сағаты. Тақырыбы: Халықаралық қарттар күні.







Бүгін N5 гимназияда 3 «А», Ұланбасы ДО «Жас Ұлан», «Жас қыран» және мектеп парламентінің жетекшісі Сарсенова Зейнеп сыныбында сынып сағаты өтті.
Тақырыбы: Халықаралық қарттар күні.

Сабақтың мақсаты:
1. Қарттарға, өз ата-әжесіне құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ету.
2. Үлкендер мен балалар арасындағы қарым-қатынас қажеттілігін, бір-біріне деген қажеттілігін қалыптастыру.
3. Мейірімділікке, түсіністікке, жанашырлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу.
Сабақта сынып өте белсенді болды, балалардың тақырыпқа қызығушылығы жоғары болды. Олар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берді, ал кластермен тапсырманы орындау барысында өздерінің қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерінің жақсы жақтарын көрсетті!
Сынып сағатының соңында Зейнеп балаларға туған-туыстарын әрқашан есте сақтап, оларға көмектесулерін тіледі.

Жарайсың!!!



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное