Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Бос лауазымға конкурс жариялаймыз:

Тұрақты жұмыс қамту түрімен география пәні мұғалімі: 1 мұғалім (оқыту тілі - қазақ тілінде: 16 сағ.)

Тұрақты жұмыс қамту түрімен тарих пәні мұғалімі: 1 мұғалім (оқыту тілі - қазақ тілінде: 16 сағ.);

Тұрақты жұмыс қамту түрімен кәсіпкерлік және бизнес пәні мұғалімі: 1 мұғалім (оқыту тілі - қазақ тілінде: 10 сағ.);

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 2022 жылдың  10 қазан қабылдау күнінің соңғы күні. 

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең – түйіндемелерді іріктеу,

2-кезең – сұхбаттасу.

Өткізілу уақыты мен мерзімі:

1) Түйіндеме 29.09.2022 ж. – 10.10.2022 ж. аралығында қабылданады

2) Сұхбаттасу 11.10.2022ж.

Конкурстың нәтижесі қатысушылардың түйіндемесінде көрсетілген телефон мен электрондық поштасына 12.10.2022 ж. дейін жіберілетін болады.

 Конкурсқа қатысу үшін 10.10.2022 жылға дейін қажетті құжаттарды көрсетілген мекенжайға қағаз жүзінде жеткізу қажет:

Орналасқан жері: Астана  қаласы, Д.Қонаев көшесі, 33/1 

e-mail: Shl_ast66@mail.ru

Телефон: 8 (7172)50-18-55, 87015234578

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное