Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

№48 мектеп-лицейде Алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тұлғасын насихаттайтын мұражай ашылды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, 2022 жылы маусымның 22-і күні №48 мектеп-лицейде Алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тұлғасын насихаттайтын мұражай ашылды. Мұражайдың мақсаты – А.Байтұрсынұлының қазақ елі дербестігі жолында жүргізген саяси күресінің тарихын, Алаш Арыстарынан қалған алтын ғасырлық мұраны жинақтау, оны көздің қарашығындай сақтау һәм ұрпаққа жеткізу.

Салтанатты шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы, ЕҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Абдуали қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлының туған елі Қостанай облысы Торғай ауданынан да делегаттар мен ағартушының туыс ұрпақтары, білім беру саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері шақырылды. Алғысөзді білім ордасының басшысы Зауре Жақанқызы Садықова сөйлеп, мұражайдың салтанатты ашу рәсімін өткізді. Мұражай экспозициясында Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен байланысты төмендегідей алты бағытты қамтитын материалдар мен экспонаттар ұсынылды:

➢ Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырбаяны;

➢ Алаш партиясы, Алашорда үкіметі – Алаш автономиясы;

➢ Ағартушы түрлеп-түзеген Қазақ әліп-биі;

➢ Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздері;

➢ Қазақ руханиятының көшбасшысы;

➢ Ахмет – Алаш зиялысы және ұлт қаһарманы;

Салтанатты шара «Ахмет Байтұрсынұлы – ғасыр саңлағы» атты танымдық кешпен жалғасын тапты. Кештің бірінші бөлімінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, ЕҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Абдуали, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп реформатор ғалым, ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмыр деректерімен бөлісті. Екінші бөлімде Ұлт ұстазының өміріне байланысты көрініс пен жыр-шумақтарды көрермендер назарына ұсынылды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное