Меню KDT

Новости

Главная Новости

Lesson study

11.03.2022 күні «Lesson study» тәсілінің кезекті сабағын зерттеп, оқушылардың білімін жетілдіруге бағытталған тиімді әдістерді қолдану арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында №79 мектеп-лицейінде серіктес қоғамдастық мектептердің (№79, №17, №47, №13) қатысуымен зерттеу сабақтары өткізілді. Аталған іс-шараға қоғамдастық мүшелігіндегі мектеп мұғалімдері және Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептерінің координаторы Миралиев Бауыржан Койшибекович пен Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қалиханова Шұғыла Ерғалиқызы қатысты. Олар 7 «Ә» сыныбында өткен ағылшын тілі мен орыс тілінің кіріктірілген сабағына және физика сабағына қатысып, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, сабақты зерттеді.
«Lesson Study» үдерісі мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін байқадық. Бұл жұмысты қоғамдастықтағы барлық мектептер бірлесе отырып, жалғастыру үшін жүйелі жоспар жасалды.











Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны