Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мұқағали Мақатаевтың туған күні

«Барлығы да, Поэзия, сен үшін», – деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.
Ақынның туған күні – 9 ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана берері хақ.
Бүгінгі күнді мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мұқағали Мақатевқа арнадық. Барлық сыныптарда сабақтың басы Мұқағали жырларымен басталды. Мектеп кітапханасында 10-сынып оқушыларына мұғалім Исатаева С.К. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында сабақ өтсе, 6-9 сынып оқушылары арасында мұғалімдер Жусипова Г.Ж.,Шакирова Д.С.,Кембаева Н.К.,Жусупова Г.С. ұйымдастыруымен «Поэзия менімен егіз бе едің?..» тақырыбында поэзия сағаты өтті. Оқушылар Мұқағалидің өлеңдерін оқып, ақын туралы көптеген ақпарат алды. «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған сағаттар мен жыр кеші әрқашан жалғасын таппақ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны