Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік мектептер марапатталды

Іс-шараны "Астана дарыны"дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - "Дарын" РҒПО рейтингісіне сәйкес "2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі"тобына кірген 10 астаналық мектепті марапаттау.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш. Т. Сейсенбай мектеп директорларын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті:
- Пириев Эльбрус Камалович – Дарынды балаларға арналған"Білім-инновация лицейі";
- Селман Шимшек – "NURORDA" мектеп-лицейі;
- Қасқабаева Роза Қасымқызы – №46 мектеп-гимназиясы;
- Умербаева Рамзия Фаатовна – №17 мектеп-гимназиясы;
- Крылова Татьяна Константиновна – №6 гимназия;
- Елеубаева Қарлығаш Калимжановна – № 3 мектеп-гимназиясы;
- Төлепбеков Артур Болатбекұлына – "Spectrum" халықаралық мектебі;
- Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы – №66 мектеп-лицейі;
- Елубаев Қазбек Елубайұлына – №9 "Зерде" мамандандырылған мектебі;
- Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы – №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі.
Сондай-ақ Олимпиада нәтижелері негізінде "Дарын" РҒПО орталығының қорытындысы бойынша 3 астаналық мектеп "Үздік олимпиадалық мектеп" атағына ие болды:
І орын – Дарынды ер балаларға арналған " Білім-инновация лицейі ";
І орын - "NURORDA" мектеп-лицейі»;
ІІІ орын - № 46 мектеп-гимназиясы.
Биылғы оқу жылында республикалық олимпиада "U-Study"орталығының базасында өтті. Аудандық кезеңге – 3487, қалалық кезеңге – 1301, қорытынды кезеңге 110 елордалық оқушы қатысып, 68 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль, өнер көрсету сапасы – 62%.
Нұр-Сұлтан қаласының командасы жыл сайын I орын алып, "Үздік олимпиадалық команда"атағына ие болды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное