Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

4 Маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба - егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран - осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Бүгін, 4 маусым күні Қазақстан Республикасы бойынша Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге байланысты мектебімізде атаулы іс-шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бойынша ақпараттық стенд ұйымдастырылды. Оқушылар «Менің рәміздерім-менің мақтанышым!», «Мен Қазақстанның партиотымын !» тақырыбында жалпыхалықтық акция челленджіне қатысып, «Мен Қазақстанның партиотымын!» тақырыбында бірыңғай сабақтар өткізілді.
Жазғы мектептің бүгінгі бірінші сабағы мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Содан кейін сынып сағаттары өтті, осы уақыт ішінде оқушылар рәміздердің пайда болу тарихымен толығырақ танысты. Сонымен қатар оқушылар арасында сурет байқауы өтті.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын - 3 «Г» сынып оқушысы Низамова Латифа
2 орын - Асадчая Елена, 3 «Е» сынып оқушысы
2 орын - Мораст Арина, 3 «Г» сынып оқушысы
3 орын - 3 «Д» сынып оқушысы Аманжол Мирас
3 орын - Дешко Михаил, 3 «Е» сынып оқушысы
3 орын - Цай Ольга, 3 «Г» сынып оқушысы
3 орын - Сергей Сидяченко, 3 «З» сынып оқушысы

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное