«Жаңашыл мұғалім – 2020»
📌Құрметті Ұстаз!
BilimLand компаниясы жыл сайын ұйымдастыратын «Жаңашыл мұғалім – 2020» Республикалық байқауына қатысқаныңызға алғыс айтамыз. Сізге байқауға қатысуға деген игі бастамаңыз бен қызығушылығыңыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының саналы ұрпағын өсіру жолында сапалы білім мен тәлім-тәрбие берудегі еңбегіңіз үшін риясыз алғысымызды білдіреміз. Нағыз мұғалім деген атқа лайық жаңашыл мұғалім болу сіздің тағдыр айқындап берген ағартушылық сара жолыңыз!
BilimLand компаниясы Сізге шығармашылық табыс тілей отырып, келесі жылы да BilimLand білім беру платформасының мұғалімдерге арналған байқауларына қатысуға шақырады!
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
📌Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу және оқытудың барлық форматын: дәстүрлі, қашықтан және аралас оқыту форматтарын жетілдіру мақсатында өткен «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауында «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы бойынша алғыс хат иегері қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүгірбекова Айман Ізбасарқызын құттықтаймыз және балабақша әдіскері А.А.Кабланбекова мен «Росинка» тобының тәрбиешісі Г.Ж.Омароваға алғыс білдіреміз.
#33школа
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии