Бүгін, 9-ақпанда, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Г.А.Сауранбаева және кітапхана меңгерушісі Ә.Қ.Шаймерденованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында қазақ поэзиясына мәңгілік мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жасқа толуына арналған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты әдеби кездесу өтті. Бұл шараға 9 «ә» сынып оқушылары қатысып, ақиық ақынның таңдамалы жырларын оқып, ой-пікірлерімен бөлісті. Кітап көрмесі және бейнефильм арқылы шығармашылық өмірімен танысып, ақынның жанды дауыспен оқыған өлеңдерін тамашалады. Жекей Жаннаның орындауында Мұқағали ағамыздың сөзіне жазылған әндер орындалды.
Кітап көрмесіне шолу барысында, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша, 2021 жыл кітабы тізіміне еңгізілген Мұқағали Мақатаевтың «ӨМІРДАСТАН» жинағымен таныстырылды. Әдеби кездесуге қатысқан директордың кәсіби білім беру жөніндегі орынбасары Аубакирова А.И. қатысушыларға өз алғысын білдірді.




Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны