Тәуелсіздіктің жеті қыры

Тұңғыш Президент күні қарсаңында мектебімізде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бастады. Олардың негізінде сынып сағаты, ашық сабақ, дөңгелек үстел, пікірталас өткізіліп жатыр. Сонымен қатар іс-шаралар онлайн режимде өтеді. Басты мақсат – өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын жеткізу. «Тәуелсіздіктің жеті қыры» жобасының негізіне Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тап болған жеті негізгі сын-тегеуріндер алынған.Жас Қазақстанның басты жеті сын-қатері Тұңғыш Президент реформаларының арқасында тәуелсіздіктің басты жеті жетістігіне айналды және қазақстандық даму жолының бірегейлігін айқындады.🎞Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии