Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Бір ел – бір кітап»





Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының нұсқауымен,
Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназия кітапханасында М. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясын оқылды. Биыл ел болып оқыған романды кеңінен насихаттау мақсатында «Абай жолы – ұлы даланың даналығы» тақырыбында онлайн  оқырмандар конференциясы өтті. Бұл шараға мектебіміздің пән мұғалімдері Г. Жеңісқызы, Н. Тортуыловна, Қ. Қойлыбайұлы және 7«а» сынып оқушысы Б. Оралбек (жетекшісі Н. Қанат), 8 «а» сынып  оқушысы М. Сайлаубаева (жетекшісі А.Жолдубаева) 9 «а» сынып оқушысы Анель Елубаева (жетекшісі Д. Нугумарова), 10 «а» сынып оқушылары А. Мейірхан, А. Хамитова (сынып жетекшісі Н. Аскарова) қатысты.

Конференцияда сөз алған спикерлер «Абайдың өмірі туралы не айтасыздар?», «Абай тәрбиесіндегі Зере әжесінің ролі қандай?», «Біз танысқан бөлімдерден Абай қалай танылды?», Эпопеяның тарихи, тәрбиелік маңызы қандай? «Толық адам» бейнесін бүгінгі көзқараспен қалай суреттей аласыз? деген сұрақтарға жауап іздеді. Оқушылар «Абай жолындағы» оқыған, өздерін толғандырған ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушы спикерлер мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны