Меню KDT

Новости

Главная Новости

Республикалық XXI «Абай оқулары» жүлдегерлері марапатталды

     Бас қаланың төрінде бой көтерген білім ордамыздың шәкірттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Дарын" РҒПО ұйымдастыруымен өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХХІ АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ жүлдегерлері атанып, министр А. Аймағамбетовтің дипломы және арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Мектеп мәртебесін ту еткен оқушыларымызға директор Айгүл Оңдағанқызы алғысын білдіріп жүлделерін қолдарына табыстады.
     Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға мектебіміздің оқушылары Айдарова Альбина, Мықтыбек Иляс, Ибрагимова Мерей қатысып бақтарын сынады. Байқау қорытындысы шығып, оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Ибрагимова Мерей 2-орынды иеленіп, күміс медельді қанжығалады. Айдарова Альбина "Өнерліге өріс кең" номинациясымен, Мықтыбек Иляс "Қара сөз шебері" номинациясын иеленді. Оқушыларды республикалық оқуға дайындаған ұстаздарымыз Кумашбаева Айгерім Біржанқызы мен Бәшіров Нұрбол Қасқырбайұлына алғысымызды білдіреміз. Әрқашан алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын! Біз әрбір шәкіртімізді мақтан тұтамыз.

 






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны