.jpeg)

«Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясында Сәкене Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Ермекбаева Айымкүл Бекмаханқызы “How to adapt teaching strategies to learner needs?” тақырыбында зерттеу тәжірибесімен виртуалды таныстырылым арқылы бөлісті. Зерттеу жұмысының негізгі идеясы жаңартылған білім беру жағдайында оқыту мен оқуда оқушылардың оқу қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес нәтижелі оқу стратегияларының бейімдеу және жетілдіру жолдарын, оқыту мен оқуда туындайтын жағымды, жағымсыз тұстарын анықтау және оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді тәсілдерді қолдану арқылы тәжірибе алмасуға бағытталды.
Конференция барысында оқытушының тәжірибелік қолданысындағы оқушылардың оқу қабілеті мен қажеттіліктерін айқындау және оларды жіктеудің маңыздылығы жайлы түсіндірілді. Әрбір оқушының шет тілін үйрену барысындағы эмоционалды, әлеуметтік немесе басқа қиындықтарын ескере отырып, оларды жоюға бағытталған нәтижелі оқу стратегияларын қолданудың ерекшелігіне тоқталды.Мұғалім белгілі бір оқушының білім алу қабілетіне сәйкес оқу қажеттілігін анықтағаннан кейін, күнделікті сабақтағы іс-әрекетіне сәйкес бірнеше ынталандырушы оқу стратегияларының нәтижесімен бөлісті.Оқушылардың еңбегіне, білім игеру деңгейіне, тапсырманы орындау мүмкіндігіне бақылау жүргізіп, әр критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу қажеттілігі ескеріліп, қорытынды шығару маңыздылығы айтылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны