Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Іс шарамызға мектеп әкімшілігі, 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.  Жиында сөз алған директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Қ.Б.Ботабекова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екндігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Бұл  іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы  Ж.А. Жақыпов, филология ғылымдарының phD докторы түркітанушы ғалым Қ.К.Кенжалин шақырылды. Аталмыш  қонақтар қазақ тілінің тарихы, А.Байтұрсынұлының мұраларының зерттелуі жайында сүбелі ой айтты. Жас ақын, Қазақстанның үздік магистранты төсбелгісінің иегері Д.С. Жалелов өз шығармашылығынан өлең оқып, тіл төңірегінде өз пікірін білдірді. 

Мектеп оқушылары өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып,  ақын оқушыларымыз өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
         Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны