
Қымбатты оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
1 қыркүйек – қоғамдағы әр адамның өміріндегі ерекше күн.
Еліміздің экономикасының табысты дамуының қайнар көзі –білім саласы. Сондықтан адамзаттың білімге деген қажеттілігі оның өмірінің негізі болып табылады. Заманның талабы мен ағымына қарай білім де қарыштап дамып келеді. Цифрландыру заманындағы білім мен дағдыны игеру - біздің оқушыларымыздың жарқын болашағы. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектебімізде оқу процесін іске асыру- барлық талаптарға сай ұйымдастырылады.
Қымбатты оқушылар! Жаңа оқу жылында терең білім алып, алған білімді өмір тәжірибесінде қолданып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға тілектеспін. Білімді сапалы игеру –әр оқушының міндеті. Жаңа оқу жылында сендерді табысты нәтижелерге жетеді деп сенемін.
1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жадыны емес, ойды жүзеге асырғанда ғана білім бола алады, сондықтан да сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін.
Қымбатты ата-аналар! Бүгін Сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбастарының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайтын болады.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді тағы да Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге жаңа жетістіктер, ұдайы ізденіс, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Уважаемые ученики, учителя и родители!
Поздравляю Вас с Днем знаний и началом нового учебного года!
1 сентября - особый день в жизни каждого человека. Образование - это источник успешного развития экономики страны. Поэтому потребность человека в знаниях - основа его жизни. Освоение знаний и навыков в эпоху цифровых технологий - светлое будущее для нашихучащихся. В период действия ограничительных мер, связанных с распространением коронавирусной инфекции, реализация учебного процесса в нашей школе организована с соблюдением всех санитарных норм и требований.
Дорогие ученики! Пусть новый учебный год принесёт вам глубокие знания, увлекательные открытия, радость творчества. Постигайте, учитесь, творите и помните, что сегодня образование – основа жизненного успеха.
1 сентября - это день, когда первоклассники начинают большую жизнь, делают первый вклад в свое личное будущее. Школа - настоящий дворец мудрости, помните это. Поверьте, что отлично учиться и быть лучшим среди лучших - прекрасный вклад в ваше будущее.
Дорогие родители! Сегодня ваши маленькие дети впервые идут в школу, завтра они своим трудом поднимут статус своей семьи, а свои знания и усилия посвятят модернизации государства и его укреплению.
Уважаемые учителя, ученики и родители! Еще раз поздравляю вас с Днем знаний и началом нового учебного года. Желаю новых свершений, постоянных поисков, творческих успехов, крепкого здоровья и удачи в новых начинаниях!
Муканов Арман Нурмуллинович
И.о.директора школы-лицей №62
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны