Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Бағдат Қайыржанқызы мен мектеп кітапханашысы Бибісара Саматқызы «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Зұлмат жылдар зардабы» атты онлайн - кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Көрмеге ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын қыстау кезеңдегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Алаштың ардағы», «Алаш қозғалысы» атты әдебиеттер және Алаш партиясының қатарында болған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.