"English around us" байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Қайырлы күн, әріптестер, ата-аналар мен оқушылар! Әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан, алдымыздағы аптада қашықтықтан оқыту арқылы 4-тоқсанды бастағалы отырмыз. Барлығымыз біргелікте қиындықтарды жеңеміз және бұл сынақтан да өтеміз деген ойдамыз
✌Енді жақсы жаңалықтармен бөліскелі отырмын.
🏆2020 жылдың наурыз айында
"ASU" білім орталығы ұйымдастырған "English around us" республикалық шығармашылық интернет байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды
.
ІІІ дәрежелі дипломмен 6Д сынып оқушысы Хамза Ақниет және 5Е сынып оқушысы Шамшиев Ербол марапатталды. Сондай-ақ, 6Д сынып оқушысы Бердиярова Анель мақтау қағазын иеленді. Жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Сарсенова Алтынгул.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии