Меню KDT

Новости

Главная Новости

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАРА ҚЫЗЫ - ЕҢЛІК ТҰРСЫНБАЕВА

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАРА ҚЫЗЫ - ЕҢЛІК ТҰРСЫНБАЕВА

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде шығармашылықпен айналысатын, өнердің соңына түсіп, әр салада өзіндік талантымен көзге түсіп жүрген өнерпаздарымыз жетерлік. Дегенмен, 8-сынып оқушысы Тұрсынбаева Еңліктің орнының даралығы әр тақырыпқа ойып тұрып қалам сілтейтіндігімен ерекшеленді. Қазақтың қарапайым ғана қыз баласының осы өнерін алғаш қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызы байқап, былтырдан тәрбиелеп, бас-көз болып, маман ретінде ақыл қосып жүргенін айтқан болатын. Бүгін Еңліктің өлеңдерімен танысудың сәті түсіп, өлеңдерін оқыған үстіне оқи бергім келді. Шынашақтай қазақ баласының ойы терең, арманы асқақ. Қазақтың Ұлы Абайынан, Төлеген Айбергеновінен, Фаризасынан сусындап қана қоймай, ана тілдің абыройын асқақтатып жүргені өлеңдерінің әр жолдарынан көрініп тұрды. Қара өлеңнің қадірін білер әрбір жан менің ойыммен келісетіні сөзсіз.

Еңліктің болашақтағы әр тарқатар тақырыбына "қаламың шыңдала берсін" деген шынайы ұстаздық тілегімізді білдіреміз.
         


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны