Алғыс айту күні!
Біздің елімізде көктем айының 1 наурыз күні «Алғыс күні» деп жарияланған. №22 мектеп- гимназиясында наурыз айының 3 жұлдызында 9 сыныптар аралығында «Алғыс айту» мерекесі фестиваль түрінде өтті. Бұл іс-шараға қатысқан: 9 «Б» сынып оқушылары украин елінің ұлттық киімін киіп ,әнін ортаға салды, 9 «В» сыныбы елімізге деген өз ризашылықтарын өлең ретінде білдірді, 9 «Г» сынып оқушылары «Микс» биімен барша көрермендерді куанта алды, 9 «Д» сыныбы оқушыларының онері көрермендердің көңілінен шықты, 9 «Ж» сыныбы қазақ ұлттық киімін киген топ қыздары «Қамажай» биімен барша көрермендерді таң қалдырды, Алпысбекова Томирис әдемі әнімен және Гулиев Талех кавказ биімен 9 «З» сыныбы атынан осы мерекеге орай өнерін көрсетті. 9 «Е» сынып қыздары «Спасибо вам учителя» атты әнін дайындады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии