Меню KDT

Новости

Главная Новости

Абай және Пушкин – жүрек үндестігі

Орыс тілі  мен  әдебиеті пәндерінің мұғалімдері  Клышбаева А.Т мен Баймуратова Э.А «Абай және Пушкин – жүрек үндестігі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәндері  бірлестігі апталығының жабылуына байланысты әдеби – сазды кеш  өткізді. Кештің мақсаты:  екі елдің ұлылары  Абай мен  Пушкиннің өмірі мен олардың шығармашылығын терең білуге ынталандыру. Осы кеште оқушылар Абай мен Пушкиннің шығармаларын және Абайдың қара сөздерін екі тілде мәнерлеп оқып,көрермендерге үлкен әсер силады. Алтыншы сынып оқушыларының  орындауында  Абайдың «Көзімнің қарасы» әні шырқалды.  10 а,ә сынып оқушылары  А.С. Пушкиннің шығармаларынан  дайындалған әнге вальс  биледі.  А.С.Пушкиннің ертегісі бойынша қысқаша үзінді көрсетілді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында орыс тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі  Малдыбаева А.А. бесінші сынып оқушыларымен «Теремок» атты орыс ертегісінің көлеңкелі театрының ( теневой театр) койылымын көрсетті.  Кеш соңында орыс тілі мен  әдебиеті  бірлестігінің жетекшісі  Мукашева А.С.  апталықты қорытындылап, өткізілген іс- шараға белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны