Қаңтар айының 31 күні 10 А сыныбында, сынып жетекшісі- Нуралина Сәндігүл Еслямханқызы ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай қара сөздері - ұрпақтың бағыт алар темірқазығы" атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Абайдың мол мұрасын, оның шығармаларындағы ой-тұжырымдарын жастардың бойына сіңіру. Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпаққа меңгерту, санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру. Тәрбиелік іс-шараның қорытынды сөзін мектеп директоры Киянова Замзагул Ертаевна алып, оқушыларға алғысын білдірді.
Көрермендер Абай тағылымынан нәр алып, Абай тілінің мазмұнынан терең түсінік алды


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны