Мектеп директоры М. А. Ташенова педагогикалық ұжыммен жоспарлы жиналыс өткізді.
Бүгін мектеп директоры М. А. Ташенова педагогикалық ұжыммен жоспарлы жиналыс өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық іс-шаралар жоспары болды.

Мәрзия Әкімқызы, сондай-ақ әріптестерін ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығының талдауымен таныстырып, анықталған проблемалық мәселелерді шешу үшін бірқатар іс-шаралар ұсынды.

Мектеп директоры ата-аналар қауымдастығымен қарым-қатынасты жақсартуға, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруға және оқушыларды ынталандыруға, педагогикалық этиканы құрметтеуге баса назар аударды.

Жиналыс соңында Мәрзия Әкімқызы ұжымға халықтық челленджге қатысқаны үшін алғысын білдіріп , белсенді педагогтарды алғыс хаттармен марапаттады және барлығына табысты, жемісті жұмыс аптасын тіледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии