Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.12.2019 № 84 мектеп-лицейінде «Дәуір тұлғалары» атты дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өтті.

11.12.2019 № 84 мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» клубының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының ұйымдастыруымен «Дәуір тұлғалары» атты дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның тақырыбы: «Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәуірі». Модераторлар тарих пәні мұғалімдері Жаханова Р.М., Айткуженова С.Е. Конференцияға 11 «А», 11 «Б» сынып оқушыларымен қоса мектебіміздің мұғалімдері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң тарих кафедрасының аға оқытушысы және М.Нарикбаев атындағы Заң Университетінің студенті Илья Пащенко. Қатысушылардың баяндамасында Д.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолы; Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы айтылды. Әсіресі, 11 «А» сынып оқушылары Досалыев Алибекпен Алданыш Аружанның терең мағыналы баядамалары, сондай-ақ Алматыдағы Д.Қонаевтың мұражайы туралы бейне фильмнен көрсетілген үзінділер қатысушыларға үлкен әсер етті. Конференцияға жоғары баға берген Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң тарих кафедрасының аға оқытушысы Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығымен құттықтап, қатысушыларды Отанымыз үшін аянбай еңбек етуге, оқуға шақырды. 









Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны