29.11.19ж. «№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орайластырылған бірыңғай сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: білім беру ұйымдарында білім алушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударуға, жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруға, сондай-ақ өзін-өзі іске асыру дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады.
Сабаққа шақырылған қонақ, «Право» ҚҚ-ның өкілі Шунаева Гульмаржан Есенгалиевна, оқушыларға Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы рөлі, Қазақстан Республикасының экономикалық жаңғыруындағы рөлі, халықаралық бастамалары, оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі туралы кеңінен әңгімеледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны