«Армысың, Алтын күз» атты күзгі балл жайлы хабарландыру».
Күздің соңғы сиқырлы сәтін,гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине, күзге тән шығармашылық қиял әрі қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін « №21 орта мектеп» КММ қабырғасында өткен 5-7 сынып,8-11 сыныптар арасында « Армысың, Алтын күз» атты күзгі балл сайысы өткізілді.
Күзгі балл мынандай бағыт бойынша жүзеге асырылған болатын: « Таныстыру»,
« Өнерің өрге жүзсін» (өз өнерін көрсету) сайыстары өткізілді. Дарабоздар бір-бірінен оза шауып, бәсекеге құралған, шығармашыл кеш сыйлай білді.Сайысқа қатыса отырып, оқушылар күз-байлық,күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныштың нұры екенін сезінгендей.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және айқындау, бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу, сахналық шеберлік дағдыларын дамытуды көздеген « Күзгі балл» өз мақсатына жетті.
5 «Б» сынып оқушылары Изосимов Данил мен Бережная Анастасия « Күз ханшайымы мен ханзадасы» атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны