Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру.
Сынып сағаттары ата-аналар, сынып жетекшілері, психолог тренер Асель Болатовна Муратова қатысуымен өтті. Барлық сыныптарда ата-аналар балаларымен бірге өздерінің отбасылық құндылықтарын қалыптастырды. Оқушылар отбасындағы ерекшеліктерімен бөлісіп, отбасылық дәстүрлер, сыйластық, өзара көмек сияқты құндылықтарды мектепте сыныптастарына деген қарым-қатынаста қолданатынын айтып өтті.
Барлық сыныптардағы оқушылар және олардың ата-аналары 3 шеберлік кластарына қатысты:
Нәтижесінде, бала тәрбиесі-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Барлық ата-аналар тәрбиеге бет бұру керек екендігін атап, ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс жүзінде дәлелдеп, ынтымақ бірлігінде ғана нәтиже беретінін түсінді. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, шыдамды болып, балаға жылулық сыйлау маңызды екендігі айтылды.
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік-дөрекілікке, қайырымдылық-қатігездікке, адалдық-арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау-ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны